Теміртауда 2 күн ішінде жүргізушілер 3 жаяу жүргіншіні қағып кетті - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Теміртауда 2 күн ішінде жүргізушілер 3 жаяу жүргіншіні қағып кетті

444

Smiley face

Алдын ала мәліметтер бойынша, «БМВ» автокөлігінің жүргізушісі жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпейтін жылдамдықпен қозғалып келе жатқан, сондықтан рөлді басқара алмай, 39 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

«Ер адам жол бойымен бағыттас тарапқа жүріп бара жатқан. Алған жарақаттардан ол оқиға орнында көз жұмды», - деп түсіндірді Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі.

«Ауди» автокөлігінің жүргізушісі жаяу жүргінші жолағымен самокатпен келе жатқан 10 жасар баланы қағып кеткен. Алдын ала мәліметтер бойынша, көлік иесі бағдаршамның тыйым салатын сигналына жол қиылысын жүріп өткен. Жол-көлік оқиғасының нәтижесінде балаға «Маңдай жарақаты»  диагнозы қойылған.

Тағы бір ЖКО реттелмейтін жаяу жүргінші жолағында орын алды. Онда «ВАЗ» автокөлігінің жүргізушісі 20 жасар қызды қағып кетті. Теміртау қаласының тұрғыны түрлі дене жарақатымен қалалық ауруханаға жеткізілді.

«Аталған факт бойынша тиісті сараптамалар тағайындалып, ҚР ҚК 345- бабының 1-бөлігі бойынша тергеу жүргізілуде», - деп хабарлады Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі.

 


Көзі: yunews.kz