Бокс көмектеспеді… - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Бокс көмектеспеді…

444

Smiley face

Белгісіз азамат 30 тамыз күні кешке Екібастұзда қызға шабуыл жасады, деп хабарлайды Павлодар қаласының ПД Instagram-парақшасы.

Қыздың айтуынша, ол кешке бокстан жаттығудан үйіне қайтқан. Шешембеков көшесі, 15 үйдің жанынан өтіп бара жатқанда, оған қарама-қарсы бейтаныс ер адам телефонмен сөйлесіп келе жатқан, ол әңгімесін бөлместен қыздың сырт келбетін телефон арқылы біреумен талқылай бастайды. Осыдан  кейін олардың арасында жанжал шығып, арты төбелеске ұласқан. Қыз айқайға басып, көмекке шақырған. Ер адам ауланың ішіне қашып кеткен, сол жерде оны екі жігіт ұстап алып, оны тәртіп сақшыларына тапсырған.

 "Қыз қатты қорқып, жылап, көмек сұрады. Біз оны (ер адамды) ұстап тұруға тырыстық, ол бұлқынып, қайтадан қашуға тырысты. 10 минут өтпестен біз оны полиция қызметкерлеріне тапсырдық», - деді қаскүнемді ұстаған жігіттердің бірі.

Екібастұз қаласы Полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Елнұр Букаев жастарға алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтарды табыс етіп, тұрғындардың азаматтық сана-сезімі мен батырлығын атап өтті.

"Сендердің іс-әрекеттерің барлығына үлгі болады", - деді полиция подполковнигі Елнұр Жұмабайұлы, қол сағаттары мен алғыс грамоталарын тапсырып жатып.

Дегенмен, жігіттер өз әрекеттерін ерлік  деп санамайды.

"Менің ойымша, әркім осылай әрекет етер еді. Мұны үлкен іс деп санамаймын, мен өзімнің адами борышымды орындадым", - деді Иван.

 Аталған факт бойынша ҚР ҚК 293-бабы 1-бөлігі "Бұзақылық" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Smiley face

 

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Павлодар облысының ПД (@dp_pavlodar)


Көзі: yunews.kz