Қарағанды облысының көп балалы отбасыларда улы газ датчиктері орнатылуда - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қарағанды облысының көп балалы отбасыларда улы газ датчиктері орнатылуда

444

Smiley face

Қарағанды облысының ТЖД қызметкерлері жылыту маусымы қарсаңында адамдардың қаза болуы мен жарақаттануын, сондай-ақ улы  газдан улануын болдырмау мақсатында тұрғын секторда 24 улы газ датчигін орнатты.

 Негізгі мекенжай иелері көп балалы отбасылар мен мүгедектер бар отбасылар болып табылады. Бұл бағытта Саран қаласы мен Ақтоғай ауданында үлкен жұмыс атқарылды. Бұл қайырымдылық акциясы жалғасуда.

 Жыл басынан бері Қарағанды облысының аумағында 828 датчик орнатылған.

Smiley face
Smiley face

 Қайғылы статистика. Қарағанды облысының аумағында жыл басынан пешті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу нәтижесінде өрттің шығуына әкеп соқпаған улы газбен улану салдарынан 5 адам, оның ішінде 2 бала мерт болды, сондай-ақ 7 адам жарақаттанды.

 Үйде автономды сигнализатор немесе улы  газ датчигін орнату арқылы улы газдан улануды алдын алуға болады. Улы газды анықтау сигнализаторлары-үй-жайдың ауасындағы СО құрамының деңгейін үздіксіз бақылауға арналған және улы газ концентрациясының жоғары деңгейіне дыбыстық және жарық сигналдарымен ден қоятын электрохимиялық датчиктер.

 Төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында, адамдардың өлімі мен жарақаттануын алдын алу және алдағы жылыту кезеңінде өрт қауіпсіздік ережесін сақтау қажет:

 - электр сымдарының, ажыратқыштардың және розеткалардың жарамдылығын бақылау;

- электр аспаптарын, плиталарды жарамды күйде, жанбайтын тіреулерде, перделерден, жиһаздан және жанғыш материалдардан алыс ұстау;

- бір желіге бірнеше электр құралдарын қосуға жол бермеу, бұл электр желісінің шамадан тыс жүктелуіне әкеледі;

- қолдан жасалған электр жылыту құралдарын қолданбау;

- жылыту маусымы басталар алдында пештерді жөндеңіз, мұржаларды айына бір реттен кем емес тазалау қажет;

- пешті тез тұтанатын сұйықтықтармен жағуға жол бермеу;

- үйден шыққанға дейін 2 сағат бұрын пешті жағуды тоқтату.

Smiley face
Smiley face


Көзі: yunews.kz