Мәжіліс Президент Жолдауын жүзеге асыру үшін заңнамадағы жұмысты күшейтеді - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Мәжіліс Президент Жолдауын жүзеге асыру үшін заңнамадағы жұмысты күшейтеді

444

Smiley faceфото Ж.Құспанов

Бүгін Мәжіліс Палатасының бесінші сессиядағы бірінші жалпы отырысы ашылды, онда Төраға Нұрлан Нығматулин Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында белгілеген басымдықтарға баса назар аударды. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің сайтында хабарланды.

«Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жолдауында қойылған нақты міндеттер заңнамалық тұрғыда да жұмыстың негізгі екпіндерін анықтайды. Жаңа сессияда біз, Мәжіліс депутаттары, Жолдау ережелерін іс жүзінде жүзеге асыруды сапалы заңнамалық қамтамасыз ету үшін өз жұмысысызды күшейтуіміз керек. Осының барлығы, әрине, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті  -Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев әзірлеген елдің даму стратегиясын одан әрі жүзеге асырудың тиімді негізі болмақ", - деп атап өтті Мәжіліс Төрағасы.

Нұрлан Нығматулин атап өткендей, депутаттардың алдында бюджет және салық жүйелерін жаңғыртуды заңнамалық түрде қолдап, Үкіметпен және Есеп комитетімен бірге бюджет қаражатын пайдаланудың абсолютті тиімділігін қамтамасыз ету міндеті тұр. Мәжіліс Спикерінің айтуынша, депутаттық корпус мемлекеттік сатып алу процесін реттеуге ерекше назар аударады, сот және құқық қорғау жүйесін реформалауға заңнамалық қолдау көрсетеді.

Жыныстық зорлық-зомбылық, педофилия, есірткі тарату, адам саудасы және жеке адамға, әсіресе балаларға қарсы басқа да ауыр қылмыстар үшін, сондай-ақ браконьерлік үшін жазаны қатаңдату жөніндегі заңнамаға түзетулер қабылдау қажет.

«Президент біздің алдымызға Үкіметпен бірлесіп жер ресурстарын тиімді пайдалану тетігін әзірлеу міндетін қойды. Біз "цифрлық экономиканы" дамытуға, еліміздің инфокоммуникациялық инфрақұрылымын дамытуға бағытталған заңдарды қабылдауға тиіспіз. Алдыда бізде Экологиялық кодекстің жаңа редакциясы бойынша жұмыс күтіп тұр», - деді Нұрлан Нығматулин.

Сонымен қатар, Мәжіліс Төрағасы Палатаның барлық заң шығару жұмысы азаматтық қоғам өкілдерімен, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарымен сындарлы өзара іс-қимыл жасай отырып, ашықтық режимінде өтетінін атап өтті.

Нұрлан Нығматулин сондай-ақ осы сессиядан бастап Мәжілістің сайтында онлайн режимде барлық жалпы отырыстардың ғана емес, жұмыс топтарының, комитеттер отырыстарының және қоғамдық маңызы бар заң жобаларын талқылау бойынша таныстырылымдардың тікелей трансляциясы жүргізілетініне назар аударды.


Көзі: yunews.kz