300 мың пара үшін 9 миллион айыппұл - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

300 мың пара үшін 9 миллион айыппұл

444

Smiley face

 

«ҚТЖ» ҰК – Жүк тасымалы» АҚ филиалы - Қостанай жүк локомотив депосының бастығы Б.Қалмаханбетов жұмысқа орналастырамын деп делдал арқылы пара алған. Оның кінәсі Қостанай облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жүргізген тергеумен дәлелденді.

2019 жылы 2 қыркүйекте Қостанай қ. №2 соты Б.И.Қалмаханбетовқа мемлекеттік қызметте, судьяларда, жергілікті өзін-өзі басқаруда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде және оның департаменттерінде өмір бойы қызмет атқару құқығынан айырумен, пара мөлшерінен 30 есе артық, яғни 9 миллион (тоғыз миллион) теңге айыппұл түрінде жаза тағайындады.


Көзі: yunews.kz