Қазақстандық оқушылар Жер туралы ғылымдар бойынша Олимпиададан 5 медаль әкелді - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстандық оқушылар Жер туралы ғылымдар бойынша Олимпиададан 5 медаль әкелді

444

Smiley face

Қазақстандық оқушылар командасы Кореяның Тэгу қаласында өткен жер туралы ғылымдар бойынша #IESO2019 халықаралық олимпиадада 5 медаль жеңіп алды. 43 елдің балалары геология, геофизика, метеорология, океанография және астрономия бойынша білімдерімен  сайысты, деп хабарлайды Yessenov Foundation баспасөз қызметі.

Жер туралы ғылымдар бойынша халықаралық олимпиада - орта мектеп оқушыларына арналған геология, метеорология, океанография және астрономия пәндері бойынша жыл сайын өтетін жарыс. IESO-ға тиісті ұлттық жарыстардың жеңімпаздары шақырылады.

Бұл олимпиада — Жер туралы ғылымдар бойынша Халықаралық білім беру ұйымы қызметінің негізгі түрлерінің бірі - IGEO. Ол оқушылардың қызығушылығын арттырып, жер туралы ғылымдарға қоғамның назарын аударуға, осы саладағы дарынды және талантты оқушыларды анықтауға бағытталған. Сонымен қатар, IESO мектепте Жер туралы ғылымдарды оқытуды жақсартуға, әртүрлі елдердің оқушылары арасында достық қарым-қатынасты көтермелеуге және идеялармен және материалдармен алмасуда халықаралық ынтымақтастыққа жәрдемдесуге бағытталған.

Халықаралық байқау теориялық және практикалық тесттерден тұрады. Теориялық тест блоктарға бөлінген, олардың әрқайсысында жалпы тест бағасының белгілі бір пайызы бар. Әрбір блок - бұл жеке пән, және олардың барлығы төртеу: геология, метеорология, океанография және астрономия.

Практикалық тесттер осы пәндер бойынша, бірақ "дала жағдайында" өткізіледі. Бұл жерде қатысушыларға компаспен, телескоппен, әртүрлі метеорологиялық аспаптармен және басқа да жабдықтармен жұмыс істеу бойынша білім қажет. Тапсырмалар жеке орындалады. Сондай-ақ олимпиада аясында халықаралық командалар сайысы өткізіледі.

Әрбір елді олимпиаданың қандай да бір пәнінде мамандар болуы тиіс төрт қатысушыдан, қосалқы (тараптың қалауы бойынша) қатысушыдан және басшылардан аспайтын команда ұсынады. Ресми IESO - жеке біріншілік. Қатысушылар 18 жастан аспауы және ЖОО-да оқымауы тиіс. Олар өз елдерінде ұлттық байқауда жеңіске жетіп, IESO-ға қатысу үшін маманданады.

Қазақстандық командаға іріктеуді "Жас Геолог" қоры жүргізді. Биыл команда құрамына кіру құқығы үшін еліміздің әр қалаларынан 150 оқушы күш сынасты. Нәтижесінде қазақстандық оқушылар бір күміс және төрт қола медаль жеңіп алды. Жеке есепте Рустам Валеев пен Амира Жолдасбекова екі қола жүлдені иеленді. Сонымен қатар, Айбике Жағапарова күміс және қола медальдар, ал Рустам Валеев халықаралық командалар құрамында  - қола медальға ие болды.


Көзі: yunews.kz