Учаскелік полицей куәгерлерді азаптаған - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Учаскелік полицей куәгерлерді азаптаған

444

Smiley face

Алматы облысы Ұйғыр аудандық сотының үкімімен Ұйғыр ауданының жергілікті полиция қызметінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі бөлімінің учаскелік инспекторы М.Сопиев заңсыз бас бостандығынан айырғаны және азаптағаны үшін 3 жылға бас бостандығынан айырылып, мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан, сондай-ақ полиция лейтенанты арнайы атағынан айырылды.

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті учаскелік полицейға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізді.

Тергеу нәтижелері көрсеткендей, М.Сопиев мойындау түсініктемелерін алу мақсатында қылмыстық іс бойынша куәларға қатысты бірнеше рет азаптау қолданған. Ал өзінің қылмыстық әрекеттерін жасыру үшін аталған адамдарды жеке үй аумағында заңсыз ұстаған.


Көзі: yunews.kz