Қазақстандық шекарашылар заңсыз жүкті тәркіледі - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстандық шекарашылар заңсыз жүкті тәркіледі

444

Smiley faceФото: Yunews.kz

Қазақстан шекарашылары тәртіп бұзушылардан заңсыз жүк тәркіледі, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Осылайша, Қорғас шекара отрядының ШЫХО шекаралық бақылау бөлімінің шекара наряды 1994 жылы туған ҚР азаматшасын ұстады, ол Шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығынан Қазақстанға 9 қаракүзен тонын әкеле жатқан. "Алтынкөл" кеден бекетінің қызметкерімен бірге әйел шекаралық және кедендік бақылаудан өткеннен кейін ұсталды. Заңсыз жүк акт бойынша кеден бекетіне берілді.

Бұдан басқа, теңіз шептері күзетінің қызметкерлері жауынгерлік қызмет атқару кезінде ұзындығы шамамен 1600 м болатын каладтар (ярустық торлар – ред. еск.), сондай-ақ 800 қармақ тапқан.  Торлардағы бекіре тұқымдас тірі балықтарды шекарашылар борттың сыртына лақтырып, осылайша мемлекетке 1 767 500 теңге шығын келтірудің алдын алған.


Көзі: yunews.kz