5 жол полицейі алатаяқсыз қозғалыс реттеу кезінде дене жарақатын алды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

5 жол полицейі алатаяқсыз қозғалыс реттеу кезінде дене жарақатын алды

444

Smiley faceФото: shkola-abc.kz

Жол полицейлеріне алатаяқтарды қайтып беру  туралы ІІМ министрі Ерлан Тұрғымбаев Парламент Мәжілісінің кулуарында  толығырақ айтып берді.

"Бізде әрбір экипажда жүксалғышта оқиға орнын тексеру үшін, адамдарды құтқару үшін қажетті заттар жиынтығы қарастырылған. Сол жерде алатаяқтар да болуы қарастырылған. Алатаяқтар жол қозғалысын реттеу үшін ғана: жол-көлік оқиғалары кезінде, көру мүмкіндігі шектеулі кезде, бағдаршамдар ажыратылған кезде және егер жөндеу жұмыстары жүріп жатса, көлікті бұру кезінде пайдаланылатын болады. Және үлкен делегациялар келе жатқан кезде колонналарды алып жүру кезінде қолданылады. Басқа жағдайларда алатаяқты пайдалануға тыйым салынады", - деді Е. Тұрғымбаев.

ІІМ басшысы көлікті алатаяқпен тоқтатуға неге тыйым салынатыны туралы мәселеге егжей-тегжейлі тоқталды.

"Сіздер барлығыңыз білесіздер, көлік құралдарының ағыны өте үлкен, 3-4 қатарда жүріп жатады,бұл жол қозғалысына қатысушылар үшін де, инспектордың өзі үшін де қауіпті. Сондықтан біз оны тоқтатуға тыйым салдық. Бізде бейнебақылау жүйесі бар, олар барлық жерде бар, және әрбір автомашинада да  бейнекамера орнатылған. Сондықтан кез келген бұзушылық тіркелетін болады. Сондықтан жол бойында алатаяқпен тұрып, тоқтатудың қажеті жоқ", - деп мәлімдеді Е.Тұрғымбаев.

Министр алатаяқтың болмауы инспекторлардың өміріне қауіп төндірген жағдайларды мысалға келтірді:

"Тәуліктің қараңғы уақытында немесе тұман кезінде реттеуші-инспектор үшін алатаяқсыз жұмыс істеу қиын болады. Біздің қызметкерлерімізден  5 адам бағдаршамдарды өшірген кезде жол қозғалысын реттеу кезінде дене жарақаттарын алды. Әрине, бұл инспектордың өмірі үшін қауіпті, сонымен қатар жол қозғалысына қатысушылар үшін түсініксіз", - деді ІІМ министрі.

Дегенмен, Е. Тұрғымбаев әзірге жаңа алатаяқтар сатып алуға өтінімдер түспегенін хабарлады.

 


Көзі: yunews.kz