Жаңаөзенде жаңа әкім тағайындалды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Жаңаөзенде жаңа әкім тағайындалды

444

Smiley faceМаңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметінің суреті

Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Тұрымов өңір активінің отырысында Жаңаөзен қаласының жаңа әкімін таныстырды. Бұл Мақсат Ибағаров.  Ол 2017 жылдың желтоқсан айынан бастап осы қызметте жұмыс істеген Әділбек Дауылбаевты алмастырды.

Мақсат Ибағаров бұған дейін "Өзенмұнайгаз" АҚ-да басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.

Жаңаөзендегі әкімнің ауысуы немен байланысты екеніне Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі түсініктеме берген жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, соңғы екі күн ішінде Жаңаөзенде наразылық акциясы өтуде. Жүздеген адам орталық алаңға шығып, биліктен оларға лайықты жалақымен жұмыс беруді, сондай-ақ қытай зауыттарының құрылысынан бас тартуды талап етуде.


Көзі: yunews.kz