Алматыда қытай экспансиясына қарсы митин өтті - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Алматыда қытай экспансиясына қарсы митин өтті

444

Smiley faceФото: Yunews.kz

Естеріңізге сала кетейік, 2 қыркүйектен бастап Жаңаөзенде Қазақстан аумағында қытай кәсіпорындарының құрылысына қарсы митингтер өтіп жатыр. Батыс тұрғындарын басқа қалалардың тұрғындары да қолдауға бел буды. Сәрсенбі күні таңертең Алматыда 40-50 адам қытай экспансиясына қарсы наразылық білдіру үшін қала әкімдігінің жанында жиналды. Митингіге шыққандардың пікірінше, Қазақстанда қытайлықтардың болуы елдің егемендігі мен ұлттық қауіпсіздігіне, сондай-ақ экологиялық тепе-теңдікке қауіп төндіреді.

«Біздің өзімізде жұмыс жоқ, тұрғын үй жоқ, ал олар қытайлықтарды осында шақырғысы келеді! Неге Үкімет мұндай шешім қабылдамас бұрын халықпен кеңеспейді? Бізге қытай зауыттары мен қытай жұмысшылары қажет емес. Бізде өз мамандарымыз бар. Біз ертең  балаларымыздың жүзіне ұялмай қарау үшін қазір өз жерімізді қорғауымыз керек!", - деп наразылық білдірді акцияға қатысушылар.

Smiley face

Smiley faceФото: Yunews.kz

Жиналғандарға Алматы қаласы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев шығып, Қазақстанға инвестициялар қажет екенін түсіндіруге тырысты.

"Жаңа зауыттар салынатын болады. Бұл толығымен қытай зауыттары емес, бұл бірлескен жобалар – Қазақстан-Қытай жобалары. Акциялардың 100%-ын қазақстандық кәсіпкер иеленуі мүмкін, бірақ технологиялар Қытайдан әкелінеді, кейде 50 де 50 пайыз болуы мүмкін. Және де, бұған мемлекеттің қатысы жоқ, бұның барлығы жеке жобалар", - деп атап өтті әкімнің орынбасары. Ол сондай-ақ Алматыда металл құбырларды өндіру бойынша қазақстандық-қытайлық зауыт ашу жоспарланғанын айтты.

Митинг соңында белсенділер резолюция қабылдап, қол жинағаннан кейін оны Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа жіберуді жоспарлады.

"Біз, төменде қол қоюшылар, Қазақстан Республикасының азаматтары, ҚР барлық аумағында ҚХР қатысуымен зауыттар салуды тоқтатуды, сондай-ақ, біздің ойымызша, бізге достас  емес елге қатысты саяси векторлықты қайта қарауды талап етеміз. Біз, ҚР азаматтары, ҚХР-ның экономикалық экспансиясына қарсымыз. Сонымен қатар, ҚХР-да діни белгісі бойынша аз ұлттардың қысым көруіне наразылық білдіреміз!",- делінген резолюцияда.

Шттатық киімдегі полиция қызметкерлері наразылық акциясын сырттай бақылады, қатысушылардың ешқайсысы ұсталған жоқ.

Smiley face

Smiley faceФото: Yunews.kz


Көзі: yunews.kz