Қазақ күресінен Азия чемпионатында қарағандылықтар екі алтын және бір күміс медаль жеңіп алды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақ күресінен Азия чемпионатында қарағандылықтар екі алтын және бір күміс медаль жеңіп алды

444

Smiley faceФото: karaganda-region.gov.kz

Моңғолияда қазақ күресінен Азия чемпионаты өтті. Халықаралық біріншілікте 13 елден 100-ден астам спортшы бақ сынасты. Қазақстан құрамасының қатарында Қарағанды облысынан үш палуан өнер көрсетті. Олардың екеуі Азия чемпионы атанды және біреуі күміс медальға ие болды.
Дене шынықтыру және спорт басқармасы жерлестерімізді жеңісімен құттықтады. Сонымен қатар спортшылар мен олардың жаттықтырушыларына алғыс хаттар табыс етілді.
- Қазақ күресінен біздің балуандар жақсы нәтиже көрсетуде. Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы үш алтын медаль жеңіп алды. Біз үшін бұл үлкен жетістік. Бүгінде спортшыларымыз үшін барлық жағдай жасалған. Өткен жылдың қорытындысы бойынша қазақ күресінен облысымыз республикада бірінші орында. Біздің спортшымыз «Қазақстан Барысы» кубогының иегері атанды. Алдағы уақытта көшбасшылықты сақтауға тырысамыз, - деп атап өтті ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Диханбай Биткөзов.
Оның айтуынша, жыл соңында қазақ күресінен Әлем чемпионатында Қарағанды облысы Айдос Ғалымов өнер көрсетеді. 
Азия чемпиондары додада алған әсерлерімен бөлісті. Олардың айтуынша, ең қиын жекпе-жек Моңғолиядан келген қарсыластармен болған екен.
- Мен бірінші жекпе-жекті Үнді спортшысымен өткіздім, екіншісін Қытаймен өткізіп, ақтық сайыста моңғол спортшымен кездестім. Күрес қиын болды, бірақ соңғы минуттарда мен оны жеңе алдым. Жеті жылға жуық қазақ күресімен айналысамын, осы уақыт ішінде әртүрлі турнирлер болды, бірақ ең жауаптысы Азия чемпионаты. Өз жаттықтырушыларымның үмітін ақтап, жеңіске жеткеніме қуаныштымын, - деді Нариман Тұтқышев.
Жақында балуан қазақ күресінен республикалық фестивальде облыс намысын қорғайтын болады.
Еламан Хуанбай ұлттық спорт түрімен 10 жыл айналысады. Азия чемпионы атағы оны одан әрі жеңістерге қадам басуға ынталандырады деп санайды. Болашақта әлем чемпионы болуды армандайды. 
Азия чемпионатының күміс жүлдегері Бекзат Ахметбеков болды.


Көзі: yunews.kz