Жаңаөзен тұрғыны жұмысқа тұрғызу үшін 3 млн теңге сұраған - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Жаңаөзен тұрғыны жұмысқа тұрғызу үшін 3 млн теңге сұраған

444

Smiley face

Жаңаөзен қалалық соты ҚР ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігінің 1-тармағы (Алаяқтық) бойынша ірі көлемде қаражат үшін жұмысқа орналастыруға уәде берген ер адамға қатысты қылмыстық істі қарады.

"Айыпталушы Жаңаөзен қаласының тұрғынына оны "Өзенмұнайгаз" АҚ-дағы кез келген лауазымға қайта орналастыруға уәде берген. Ол өз қызметі үшін 3 млн теңге талап етті. Ер адам ақшаны алған бетте телефонын  өшіріп тастаған", - деп хабарлайды Жаңаөзен қалалық сотының баспасөз қызметі.

Жәбірленушіге полицияға арыз беруге тура келді. Сот үкімімен сотталушы кінәлі деп танылып, оған 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.


Көзі: yunews.kz