Алматыда видеомониторинг жүйесінің 1000 камерасы қосымша орнатылады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Алматыда видеомониторинг жүйесінің 1000 камерасы қосымша орнатылады

444

Smiley face

Ағымдағы жылдың соңына дейін 600 бейнекамера, 2020 жылы тағы 400-ге жуық бейнекамера орнатылады, деп хабарлады бүгін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыру бойынша қала активінің отырысында.

Зияткерлік жүйенің бейнеталдамалық функциясы бар және ол қаланың барлық негізгі объектілерін қамтып, адамдар жаппай жиналатын орындарда мониторинг жүргізеді. Бұл қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды құралдарының бірі.

Бұдан басқа, полиция жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету үшін қаланың барлық аудандарында 11 фронт-кеңсе ашылады. Ол жерлерде  келушілер ХҚКО-ның принципі бойынша жайлы жағдайларда қызметтер ала алады.

Сел қаупін төмендету мақсатында ағымдағы жылы кіші және үлкен Алматы, Қарғалы және Ақсай өзендері бассейндерінде 10 автоматтандырылған мониторинг станциясының құрылысы басталды. Б.Сағынтаев сел қаупі бар объектілердің барлық жоспарланған мониторинг станцияларын орнатуды жедел түрде аяқтауды тапсырды.


Көзі: yunews.kz