Мұнай қоры мен оны өндірудің артуы арқасында бензиннің бағасы төмендеді - Қ. Бозымбаев - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Мұнай қоры мен оны өндірудің артуы арқасында бензиннің бағасы төмендеді - Қ. Бозымбаев

444

Smiley face

Энергетика министрі Қ.А.Бозымбаев Қазақстан мұнайының 120 жылдығын мерекелеу аясында ҚР Президентінің қатысуымен өткен мұнай-газ саласын дамыту мәселелері бойынша кеңейтілген кеңесте баяндама жасады.

Министр мұнай қорларында 90-шы жылдары 5,3 млрд баррельден 30 млрд баррельге дейін айтарлықтай секіріс жасалғанын айтты. Қазақстан жетекші мұнай экспорттаушы елдермен бір қатарға тұрды - алынатын мұнай қоры бойынша 12-орынға (4,6 млрд тонна) және газ қоры бойынша 22-орынға (3,9 трлн м3) шықты.

Мұнай өндіру көлемі 25 млн тоннадан 90 млн тоннаға дейін 3,5 есеге артты, деп мәлімдеді Қ. Бозымбаев. Тәуелсіздік жылдары барлығы 1,5 млрд тоннадан астам мұнай және 741 млрд текше метр газ өндірілді. Ұлттық қорға түсетін түсімдердің жалпы көлемі шамамен 31,6 трлн теңгені құрады.

Бұдан басқа, мұнай мен газды тасымалдаудың толыққанды жүйесі құрылды. Ең қысқа жолды Каспий мұнай құбыры қамтамасыз етеді. Қытайға экспорттық бағыт жасалды. Экспорт 5 есеге артты: 36 ел бағытында 66 млн тоннадан астам.

"Бейнеу-Бозой-Шымкент" газ құбыры салынды, "Түрікменстан-Өзбекстан-Қазақстан-Қытай" қуатты газ транзиттік дәлізі ашылды». 2018 жылдан бастап алғаш рет Қытайға газ жеткізу басталды. Мұнай өңдеу зауыттарын инновациялық жаңартуға шамамен 6 млрд доллар инвестиция тартылды. Ішкі нарық жоғары экологиялық стандарттартағы мұнай өнімдерімен толық қамтамасыз етілген", - деп баяндады Қ. Бозымбаев.

Ағымдағы жылдың 8 айының қорытындысы бойынша өндіру секторында мұнай өндіру көлемі 59,8 млн тоннаны құрады, жоспардың орындалуы - 101,5%. Мұнай өңдеу көлемі өткен жылмен салыстырғанда 6% өсіммен 11,2 млн тоннаны құрады. Мұнай өнімдерін өндіру бензин бойынша 14,3%-ға, дизель отыны бойынша  - 9,6%-ға, авиа отыны бойынша -212%-ға өсті.  Бұл жыл басынан бері бензин бағасының төмендеуі байқалған бөлшек сауда нарығына әсер етті.

Ағымдағы жылдың 8 айының қорытындысы бойынша газ өндіру 37,8 млрд текше метрді немесе жоспарға 102,1% құрады. Тауарлық газ өндірісі - 22,3 млрд текше метр немесе жоспарға 105%, деп хабарлады министр.

"Ішкі нарықта газ бағасының тұрақтылығы қамтамасыз етілген және негізсіз өсуге жол берілмейді. Елді газдандыру деңгейі 50%-ға жетті, газға 9 млн астам адам қол жеткізе алады. Соңғы 10 жылда 130-дан астам жоба іске асырылды. 2019-2021 жылдар аралығында өңірлерде жалпы сомасы 92 млрд теңгеге газ инфрақұрылымы құрылысының 100-ге жуық жобасы жүзеге асырылуда", - деп баяндады Қ. Бозымбаев.

Мұнай-химия секторының мәселесіне қатысты энергетика министрі битум өндірісі 8 айда 587 мың тоннаны құрағанын хабарлады.  Өндіріс көлемі жол саласын толық қамтамасыз етеді.

"Осылайша, мұнай өндіруде орта мерзімді кезеңде және 44,5 млрд АҚШ доллары көлемінде инвестициялардың негізгі өсімі үш жобаны жүзеге асыруды қамтиды: болашақта Теңгізді кеңейту жобасы, Қашағанның 1-ші кезеңін кеңейту жобалары, Қарашығанақта өндіру деңгейін ұзарту жобалары. Нәтижесінде, 2025 жылға қарай елімізде жыл сайынғы мұнай өндіру көлемі 105 млн тоннадан астам деңгейге шығады деп күтілуде", - деді Қ. Бозымбаев.

Теңіз жобаларының инвестициялық тартымдылығы жақсарды, деп хабарлады энергетика министрі.

 "Қаламқас-теңіз және Хазар кен орындары бойынша жыл соңына дейін синергия қағидаты бойынша бірлесіп игеру нұсқалары зерттелетін болады. Бұл серіктестердің инвестицияларын біріктіруге, экономикалық тиімділікті және жобалардан қайтарымды күшейтуге мүмкіндік береді. Теңіз жобаларымен қатар Қазақстанның болашағы аз зерттелген аумақтарында геологиялық барлауды жандандыру жоспарлануда", - деді Қ. Бозымбаев.

Министрлік Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп 2021-2025 жылдарға арналған геологиялық барлау бағдарламасын қабылдауды жоспарлап отыр (2020 жылы қабылданатын болады).

"Анағұрлым перспективалы жобалардың ішінде бізде жалпы құны 12 млрд АҚШ долларынан асатын газ-химияның 8 инвестициялық жобасы бар. Тұтастай алғанда, газ химиясы саласын дамытуды ынталандыру үшін, газды шикізат ретінде пайдаланатын инвестициялық жобалар үшін Министрлік тауарлық газдың баға белгілеу тетігін пысықтады. Заң жобасын Парламентке күзгі сессия барысында енгізу жоспарланып отыр", - деп баяндады министр.

Қ. Бозымбаев Сарыарқа магистральды газ құбыры құрылысының жобасын атап өтті. Оның негізгі әсері – еліміздің орталық және солтүстік өңірлерінің 171 елді мекенін табиғи газбен кезең-кезеңмен қамтамасыз ету.

"Сарыарқа газ құбырының құрылысы кестеге сәйкес жүзеге асырылады. Ағымдағы күнге газ құбыры ұзындығының 70%-дан астамы – 778 шақырым дәнекерленген", - деді энергетика министрі.

Баяндама соңында Қ. Бозымбаев мұнай-газ саласының жетістіктері еліміздің барлық мұнай ұжымының қажырлы еңбегі мен кәсібилігінің арқасында мүмкін болғанын атап өтті.


Көзі: yunews.kz