Жаңаөзен мен Ақтаудағы митингтерге қатысқаны үшін ешкім жуапқа тартылмайды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Жаңаөзен мен Ақтаудағы митингтерге қатысқаны үшін ешкім жуапқа тартылмайды

444

Smiley face

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Қаныбек Жұмашев айтты.
«Біз бұл мәселені құқық қорғау органдарымен талқыладық және оны бақылауда ұстадық. Бүгін митингіге қатысқан ешкім қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды»,  деді Қаныбек Жұмашев.
Қазіргі уақытта полиция митингілердің ұйымдастырушылары немесе қоздырушылары, сондай-ақ арандатушылар болғанын анықтап жатыр.
Әкім орынбасарының айтуынша, наразылық білдірушілермен кездесу барысында оларға Қазақстандағы қытай өндірістерінің құрылысы туралы барлық шынайы ақпарат жеткізілген.
«Біз олардың алаңдаушылығын түсінеміз, олар Қазақстан жерін шетелдіктерге сатпау үшін, жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз ету үшін жианлғанын түсінеміз. Біз оларға бірде-бір қытай компаниясы, бірде-бір зауыт Қазақстан аумағына өткізілмейтінін немесе құрылыс жүргізбейтінін түсіндірдік. Мұнымен қоса, мұнда ешкім қытайлық жұмыс күшін әкелмейді. Қытайдағы бірде-бір ескі зауыт көшірілмейді. Сондықтан алаңдауға негіз жоқ», деді Қаныбек Жұмашев.
Бүгін 60-қа жуық адам Жаңаөзен алаңына шықты, кешке 30 шақты адам қалды. Қаныбек Жұмашев атап өткендей, құқық қорғау органдарының өкілдері араласпайды, бірақ наразылық білдірушілерді бақылайды.
Еске саламыз, осы аптаның басында Жаңаөзенде Қазақстанда Қытай зауыттарын салуға қарсы митингілер басталған болатын.
Жаңаөзеннен кейін Ақтауда митингілер басталды.


Көзі: Yunews.kz