«Дориан» дауылының екпіні қатты - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

«Дориан» дауылының екпіні қатты

444

Smiley face

Америкадағы «Дориан» дауылының салдарынан АҚШ-тың Оңтүстік Каролина мен Джорджия штатының 220 мыңнан астам тұрғыны электр қуатынсыз қалды, деп хабарлады РИА Новости. Электр энергиясына қатысты проблемалар Оңтүстік Каролинаның 205 мың тұрғынында, Джорджияның 15 мың тұрғынында және Техастың сегіз мыңнан астам тұрғынында болғандығы айтылды.

Smiley face
Жергілікті энергетикалық компаниялар әлеуметтік желілерде мәселені шешу үшін жұмыс істеп жатқандығы туралы хабарлады.
Жұмада «Дориан» дауылы бесінші, ең жоғары санатқа жетті. АҚШ-тың төрт штаты - Флорида, Джорджия, Оңтүстік және Солтүстік Каролина – сұрапыл дауылдың жақындағанына байланысты төтенше жағдай режимін жариялады. Трамп Оңтүстік Каролинада төтенше жағдай жариялауды мақұлдады.

Smiley face
Жексенбіде Багам аралында дауыл болды. Сондай-ақ, дауыл Багам аралдарының солтүстік бөлігінде орналасқан Абако аралының инфрақұрылымына үлкен залал келтірді.
Халықаралық Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай қоғамдарының федерациясы (IFRC) Багам аралдарында 13000 үй қираған немесе бүлінген деп хабарлады. Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, апат 20 адамның өмірін қиған.


Көзі: Yunews.kz