Қазақстан "Орталық-2019" оқуларына қатысады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстан "Орталық-2019" оқуларына қатысады

444

Smiley face

Қазақстан РФ ҚК-нің "Орталық-2019" ірі оқуларына қатысады, деп хабарлайды РИА Новости.

"Орталық - 2019" оқуларының негізгі кезеңі Орынбор облысындағы Донгуз полигонында өтеді. Бірқатар тактикалық маневрлер басқа мемлекеттердің полигондарында пысықталады - Қазақстанда төрт полигон, Қырғызстанда бір полигон және Тәжікстандағы 201-ші ресейлік әскери база іске қосылады", - деді Ресей Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Юнус-Бек Евкуров.

"Орталық-2019" барысында Ауғанстандағы жағдайға байланысты әлемнің ең қатерлі аймақтарының бірі болып табылатын Орталық Азияда "қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндеттері" пысықталатын болады. Оқулар екі кезеңде өтеді. Бірінші кезеңде лаңкестікке қарсы күрес, ауадан соққыға тойтарыс беру, барлау және қорғаныс әрекеттері пысықталатын болады, ал екінші кезеңде әскерилер шартты қарсыласты талқандау үшін шабуылға өтеді.

128 мыңға жуық әскери қызметшілер, 20 мыңнан астам техника мен қару-жарақ, 600-ге жуық ұшу аппараттары мен 15 кемеге дейін жұмылдырылатын болады. "Орталық-2019" оқуларына сондай-ақ Қытай, Пәкістан, Қырғызстан, Үндістан, Тәжікстан және Өзбекстан қатысады.


Көзі: yunews.kz