Елордадағы Абай көшесінің бойынан Қаламгерлер аллеясы ашылды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Елордадағы Абай көшесінің бойынан Қаламгерлер аллеясы ашылды

444

Smiley face

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы Абай көшесінің бойынан Қаламгерлер аллеясы ашылды.

Елордада өтіп жатқан Азия елдері қаламгерлерінің І форумына қатысушы ақын-жазушылар Қаламгерлер аллеясының ашылуының куәсі болды. Салтанатты шараға қала әкімінің орынбасары Бахтияр Мәкен мен Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет және Олжас Сүлейменов, Тыныштықбек Әбдікәкімұлы сынды қабырғалы қаламгерлер қатысты.

Шарада алғашқы болып сөз алған шаһар басшысының орынбасары Бахтияр Мәкен қаланы жақсартуда бұдан басқа да жоспардың көп екенін атап өтті. Ал өз кезегінде жиналғандарды құттықтаған Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет Қаламгерлер аллеясының хакім Абайдың атымен аталатын көшенің бойынан орын тебуі тегін емес екенін жеткізді.

Smiley face

«Ұлы Абайдың көшесінің бойында орналасқан Қаламгерлер аллеясымен келе жатқан ақынның шабыты келіп, ойынан өлеңнің төгілмеуі мүмкін емес. Аллея Нұр-Сұлтанға нұр қосып, тұрғындардың жүрегіне жыр қоса берсін», – деді Ұлықбек Есдәулет.

Абай – Ә. Сембинов көшелерінің қиылысында орналасқан Қаламгерлер аллеясы Егемен Қазақстан көшесіне дейін созылып жатыр. Аллея аумағы 1,2 гектарды құрайды. Оның 5,7 мың шаршы метріне тас төселсе, 4,2 мың шаршы метрі абаттандырылған. Яғни 50 шырша егіліп, 428 жарықшам орнатылған. Ал аллеяның қақ ортасына Абайдың сөзі жазылған мрамордан жасалған кітап қойылған.

Smiley face


Көзі: yunews.kz