Маңғыстау облысы тұрғындарынан үй ауласында ірі марихуана партиясы жасырылған құпия жер табылды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Маңғыстау облысы тұрғындарынан үй ауласында ірі марихуана партиясы жасырылған құпия жер табылды

444

Smiley faceМаңғыстау облысының есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының фотосы

Мұнайлы ауданының Атамекен ауылында Маңғыстау облысы бойынша есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері екі тұрғынды қолға түсірді, олардың аулаларын тінту кезінде марихуананың ірі партиясы табылды.

"Есірткіні табуға құпия орынды көрсеткен қызметтік ит көмектесті. Полиция қызметкерлері жер астынан  88 кг марихуана салынған жеті үлкен қап алып шықты", - деп хабарлады Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды (Есірткі құралдарын өткізу мақсатында заңсыз дайындау, өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау).

Ұсталған әйелдер 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.


Көзі: yunews.kz