Ерлігі үшін – марапат - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Ерлігі үшін – марапат

444

Smiley face

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Арыс қаласындағы апат салдарын жою барысында төтенше жағдай кезінде көрсеткен қызметтік міндеттерін адал атқарғаны, батылдығы мен жанқиярлығы үшін ТЖК-нің 8 құтқарушысы  мемлекеттік наградалармен марапатталды.
Арыс қаласындағы жарылыстардың салдарын жоюға өрт сөндірушілер мен құтқарушылар тікелей қатысты. Олар жедел штабтардың, сенім телефондарының жұмысын ұйымдастырды, басқа азаматтық қорғаныс қызметтерімен өзара іс-қимыл жасады, халықты қауіпсіз жерлерге эвакуациялау және азаматтарды эвакуациялық пункттерге қоныстандыру, өрттерді сөндіру бойынша жұмыстар жүргізді.

Төтенше жағдай туындаған кезде жедел шақыруды жоғарылату үшін Түркістан облысы ТЖ қызметкерлерін жинау жұмыстары дереу ұйымдастырылды. Төтенше жағдай орнына қосымша Шымкент қаласының төтенше жағдайлар күштерінің қосымша күштері мен қаражаттары тартылды.
Арыс аумағында төтенше жағдай орын алғаннан бері ТЖМ өрт сөндіру қызметі әртүрлі нысандардағы, тұрғын үйлердегі және табиғи өрттердегі 124 өртті жойды.


Көзі: Yunews.kz