Қызды құтқарғаны үшін – сыйлық - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қызды құтқарғаны үшін – сыйлық

444

Smiley face

Елордада колледждің студент қызын зорламақ болған ер адамды ұстауға көмек көрсеткен Любовь Шаукалова марапатталды.
«Сіздің негізгі міндеттеріңіз балаларға тікелей байланысты болмаса да, сіз мектеп жұмысына үлкен үлес қосасыз. Сіздің ерлігіңіз мектеп оқушыларына, жалпы, барлық адамдарға үлгі болып табылады. Сіз әйелсіз, сондықтан сіздің әрекетіңіз екі есе ерлікке ие. Болашақта мұндай жағдайлар қайталанбауы үшін біз шаралар қолданамыз. Мектеп басшыларымен кездесулер өткізіп, мектеп қауіпсіздігін күшейту туралы шешім қабылдаймыз», деді марапаттау рәсімінде қалалық білім бөлімінің бастығы Әнуар Жанғозин.
Нұр-Сұлтанның тұрғыны мұндай жағдайда ешкім немқұрайды бола алмайтынын айтты.
«Менің орнымда кез келген адам дәл осылай істейтін еді. Мен не болып жатқанын байқадым. Сол сәтте қоршаудан қалай секіргенімді де байқамадым. Сонымен қатар, бұл біздің мектептің ауласында орын алды. Әрине, мен бей-жай қарай алмадым», дейді мектепте шаруашылық меңгерушісі болып жұмыс істейтін Любовь Шаукалова.
Ә.Жанғозин Л.Шаукаловаға Алғыс хат, гүл шоқтары мен символдық сыйлық табыс етті.


Көзі: Yunews.kz