Бір оқпен екі қоян... - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Бір оқпен екі қоян...

444

Smiley face

Фото http://astana.gov.kz

Елордалық оқушылардың көлік карталары әмбебап болды. Енді олар тек жол ақысын ғана емес және асханада түскі асқа төлем жасап, олардың көмегімен мектептегі турникеттен өте алатын болады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.  

Карточканың 2 бөлек шоты бар. Біріншісі – мектеп асханасында тамақтануды төлеу үшін BalaPay/FeebMe шоты. Екіншісі - жол ақысын төлеу үшін Astana LRT шоты.  Бұл ретте ата-аналар әрдайым жол жүру мен тамақтануды төлеу үшін баланың картада қанша қаражат бар екенін бақылап, қажет болған жағдайда шотты толықтыра алады.

Мектеп көлік картасын Қошқарбаев 50/1 мекенжайы бойынша орналасқан Орталық кассадан алуға болады. Кассаның жұмыс кестесі: сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін. Өзімен бірге оқушының туу туралы куәлігі, 3х4 фото, мектептен анықтама, ата-анасының жеке куәлігі болуы қажет.


Көзі: yunews.kz