Ұлттық гвардияның әскери қызметшілері Арысты қалпына келтіргені үшін марапатталды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Ұлттық гвардияның әскери қызметшілері Арысты қалпына келтіргені үшін марапатталды

444

Smiley face

Ұлттық ұланның әскери қызметшілері Ақордада Президенттің қолынан мемлекеттік наградалар алды. Мемлекет басшысының Жарлығымен олар ордендермен және медальдармен марапатталды, деп хабарлады Ұлттық гвардияның баспасөз қызметі.

Төтенше жағдайдың алғашқы күнінен бастап құқық қорғау әскерлерінің әскери қызметшілері қала тұрғындарын көшіруге белсенді түрде қосылды, сондай-ақ Арыс қаласында болған барлық кезең бойы тұрғындардың мүлкін күзетіп, елді мекендегі құқықтық тәртіпті қамтамасыз етті.

Smiley face

Шымкент қаласы 6506 әскери бөлімі қолбасшылығы мен жеке құрамының шебер басқаруы мен шешуші іс-қимылдарының арқасында оқ-дәрілердің жарылу салдарын жою бойынша уақытылы шаралар қабылданды. Қала аумағындағы мектептер, балабақшалар, ауруханалар мен теміржол вокзалдарын минасыздандыруға 6506 әскери бөлімі командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Ержан Баймулдин белсенді қатысты. Оның басшылығымен қала тұрғындарына үлкен көмек көрсетілді, сондай-ақ халық мүлкін тонау және ұрлау фактілерінің жолы кесілді. Мемлекет басшысының Жарлығымен Ержан Баймолдин ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталды.

Smiley face

Подполковник Ержан Баймолдиннен басқа Мемлекет басшысының қолынан құқық қорғау әскерлерінің тағы жеті әскери қызметшісі мемлекеттік марапатқа ие болды. Олар: батальон командирі майор Тілеулес Айтбаев, штаб бастығы майор Рүстем Сайдуов, 1-рота командирі капитан Елдос Берденов, инженерлік-саперлік взвод командирі аға лейтенант Мақсат Жетпісбаев, кинологиялық қызмет мамандары тобының бастығы сержант Мейіржан Әбдіразахов, инженерлік-саперлік топ бастығы старшина Қайрат Сабырбаев және аға сапер кіші сержант Әскербек Юсупов. Олардың барлығы "Жауынгерлік ерлігі үшін"медалімен марапатталды.

Smiley face

Марапатталғандарды жеке құрам алдында олардың командирі –  Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов құттықтады.

Smiley face

Smiley face


Көзі: yunews.kz