Қостанай облысында аңшылық маусымында арнайы мобильді топтар мен блокпостар жұмыс істейді - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қостанай облысында аңшылық маусымында арнайы мобильді топтар мен блокпостар жұмыс істейді

444

Smiley face

7 қыркүйектен бастап Қостанай облысының аумағында суда жүзетін жабайы және тұяқты жануарларға аңшылық маусымы ашылады. Жергілікті полиция қызметінің полицейлері халықты табиғат қорғау заңнамасын сақтауды, сондай-ақ қайғылы оқиғаларға жол бермеу мақсатында атыс қаруымен жұмыс істеу кезінде жеке қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды, деп хабарлайды Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі.

Қостанай облысының ПД табиғат қорғау полициясының аға инспекторы полиция майоры Қайрат Шакуповтың айтуынша, аңшылық маусымы кезеңінде облыс аумағында аңшылар көп жиналатын жерлерде күшейтілген рейдтік іс-шараларды жүзеге асыратын арнайы мобильді топтар жұмыс істейді.

Бұдан басқа, аңшылық алқаптарға апаратын автожолдарда блокпосттар қойылады, онда жануарлар дүниесі объектілерін және атыс қаруларын заңсыз алып жүруді анықтау үшін автомашиналарға арнайы тексеру жүргізу жоспарланып отыр.

Полицейлер аң аулаудың басталу мерзімін еске салады:

- қаз, үйрек, қасқалдақ және құрға – 2019 жылдың 7 қыркүйегінен 30 қарашаға дейін;

- шілге – 2019 жылдың 7 қыркүйегінен 15 қарашаға дейін;

- қабан, борсыққа – 2019 жылдың 7 қыркүйегінен 31 желтоқсанына дейін;

- сібір тау ешкісіне (ұрғашы, биылғы төл) – 2019 жылдың 7 қыркүйегінен 31 желтоқсанға дейін.

Полиция қызметкерлері жойылып кету қаупі төнген және ҚР Қызыл кітабына енгізілген жануарлар түрлеріне ерекше назар аударады.


Көзі: yunews.kz