Шығыс Қазақстан облысында 145 отбасы АӘК заңсыз алған - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Шығыс Қазақстан облысында 145 отбасы АӘК заңсыз алған

444

Smiley face

Шығыс Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмек 18 мың отбасына 4,7 млрд теңге көлемінде тағайындалды. Қазіргі уақытта 3546 отбасы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің тізімі негізінде арнайы комиссиямен пысықталды. Тексерілгеннен кейін 145 отбасына АӘК төлеудің заңсыздығы расталды. Осыған байланысты 23,8 млн теңге бюджетке қайтарылатын болады. 2173 отбасына қайта есептеу жүргізілді.

"Облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы қалалар мен аудандар әкімдерімен бірлесе отырып, 9 қыркүйекке дейін отбасы кірістерінің өсу себептері мен кезеңін тізім бойынша пысықтауда. Әрбір АӘК алушыға жеке карточкалар ресімделді. Тағайындау мен төлеудің заңдылығы мен айқындылығы бойынша бақылауды күшейту тапсырылды", - деді Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Үкімет "Атамекен" ҰКП-мен бірлесіп көп балалы отбасыларды шағын және орта бизнеске, соның ішінде үйдегі бизнеске тарту бойынша арнайы бағдарлама әзірлеп жатыр.  Атап айтқанда, "Жас кәсіпкер" бағдарламасы аясында Өскемен қаласынан көпбалалы ана Аида Абдрахманова оқып келді.

 


Көзі: yunews.kz