Қарағанды облысында үш жасар баланың мәйіті табылды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қарағанды облысында үш жасар баланың мәйіті табылды

444

Smiley face

Үш жастағы баланың мәйіті теміржолдың шетіндегі талдардың арасынан табылды. Қайғылы оқиға Шет ауданы, Бұрма ауылында болды. Полицияға мәлімдегендей, баланы танасы анасының қолынан тартып алып, бой тасалап кеткен. 22 жастағы келіншек онымен төсек қатынасына барудан бас тартқан. Полиция «ұрлау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Баланы 600-ден астам полиция қызметкері, әскери қызметкерлер және еріктілер іздеді. «Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Кісі өлтіру туралы қылмыстық іс қозғалды. Пробация қызметкеріне қатысты ішкі тергеу амалдары да жүргізілуде», деді Қарағанды облыстық полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллин.
Бұрын «кісі өлтіру» бабы бойынша сотталған Бұрма ауылының тұрғыны Игентай Сопыжановқа іздеу жарияланды. Ол осы жылдың ақпан айында мерзімінен бұрын шартты түрде босатылған. Бұрын ол қайтыс болған баланың анасының туған әпкесін балталап өлтірген көрінеді.


Көзі: Yunews.kz