Еуропа чемпионаты-2020: Ресей – Қазақстан - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Еуропа чемпионаты-2020: Ресей – Қазақстан

444

Smiley face

Футболдан Еуропа чемпионатының 2020 жылғы іріктеу турнирінің Ресей мен Қазақстан арасында Калининградта өтетін матчында стадион жанкүйерлерге толы болады деп күтілуде, жексенбіде мыңнан аз билет сатылымда қалды.
Кездесу 9 қыркүйекте Калининградта өтеді және Мәскеу уақытымен 21: 45-те басталады. «Калининград» стадионы 35 мың көрерменге арналған. Ресей командасы 12 ұпай жинап, І топта екінші, Бельгия құрамасынан үш ұпай артта келеді. Үшінші орында Қазақстан құрамасы (7 ұпай).
«Сатылымда мыңға жуық билет қалды. Ойын кезінде толық стадин күтілуде», деді РИА Новости Ресей футбол одағының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Біздің командаға 500-ге жуық жанкүйер қолдау көрсетеді. Әдетте, біз қонақтар ойынына 300-ге жуық билеттерді сатып аламыз, бірақ көптеген отандастарымыз Калининград пен Ресейде тұрады, олар негізінен стадионға келеді», деп қосты Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметінің өкілі.

 


Көзі: Yunews.kz