Бейбіт өмір сақшылары - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Бейбіт өмір сақшылары

444

Smiley face

Ливандағы екінші қазақстандық бітімгершілік ротасының әскери қызметшілері БҰҰ-ның "Бейбітшілік қызметінде" медалін алды. Жиынтық ротаның жеке құрамына марапаттарды  БҰҰ уақытша күштері штабының бастығы табыс етті, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

БҰҰ миссиясына қатысу фактісін атап өтетін медальдің артқы жағында "IN THE SERVICE OF THE PEACE" деген бедерлі жазу бар, бұл "Бейбітшілік қызметінде" дегенді білдіреді. Миссияда болған кезеңде біздің бітімгершілік ротамыз "кәсіби бітімгерлер" мәртебесін алды.

Smiley face

Екінші бітімгершілік ротасы Қазақстан мен Үндістан Үкіметі арасындағы "Үнді батальоны құрамында қазақстандық бітімгершілік контингентін өрістету тәртібі туралы" өзара түсіністік туралы Келісімге сәйкес "Ливандағы БҰҰ уақытша күштері" миссиясына қатысу үшін бірінші ротаның орнына, алты ай мерзімге ауыстыруға жіберілді. 2019 жылдың қараша айында құрам үйге оралады, ал үшінші бітімгершілік рота оның орнына барады. Бұған дейін қазақстандық әскери қызметшілер тек бақылаушы ретінде ғана жіберілген болатын.

 Жалпы, Қазақстан бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту жөніндегі бастамалардың жақтаушысы және белсенді қатысушысы болып табылады. Бітімгершілік әлеуетін дамыту ҚР Қарулы Күштерін одан әрі дамытудың маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Естеріңізге сала кетейік, 1 қыркүйекте Израиль әскері Ливан аумағы бойынша зымырандық соққы жасаған болатын, осыған байланысты Қазақстанның екінші бітімгершілік ротасы кіретін БҰҰ бөлімшелері міндеттемелерге сәйкес міндеттерді орындау үшін толық жауынгерлік әзірлікке келтірілді

Smiley face

ҚМ суреті


Көзі: yunews.kz