Қазақстан елшісі Иордания Короліне сенім грамоталарын тапсырды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстан елшісі Иордания Короліне сенім грамоталарын тапсырды

444

Smiley faceҚР СІМ суреті

Иордан Хашимит Корольдігіндегі Қазақстан Республикасының Елшісі Айдарбек Тұматов Амман қаласында Король Абдалла II-ге сенім грамоталарын тапсырды.

"Басман" король сарайында өткен ресми рәсім барысында Елші Қазақстан басшылығының екі ел арасындағы достық пен ынтымақтастық қатынастарын одан әрі жан-жақты нығайтуға дәйекті бағытын растады.

Өз кезегінде Иордания монархы екіжақты қарым-қатынастардың қарқынды дамуын жоғары бағалады, сондай-ақ Қазақстанның жоғары басшылығына сәлемдесу сөзін жеткізді.

Сол күні Абдалла II-ге Беларусь, Греция, Еуропалық Одақ, Үндістан, Катар, Марокко, Франция мен Чилидің жаңа елшілері де сенім грамоталарын табыс етті.


Көзі: yunews.kz