ШҚО-да құтқарушылар Зайсан көлінде жоғалған екі балықшыны іздеуде - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

ШҚО-да құтқарушылар Зайсан көлінде жоғалған екі балықшыны іздеуде

444

Smiley face

41 жастағы ер адам және 26 жастағы жігіт 6 қыркүйекте балық аулауға шығып, бүгінгі күнге дейін қайтып оралмаған. Олардың бос табылған қайығы балықшылар батып кету мүмкін деген ой тудырады. Жүзу құралы жағадан бірнеше шақырым жерде табылды. Куәгерлердің айтуынша, жас жігіт нашар жүзген. Қайықта алғашқы қауіпсіздік құралдары, атап айтқанда құтқару кеудешелері, шеңберлер табылмады.

"Өскеменнен балықшыларды іздестіру үшін ШҚО ТЖД Жедел құтқару жасағының сүңгуірлері келді.  Құтқарушылар жағадан 10-15 шақырым жерде 15 метр тереңдікте балықшылар соңғы рет байқалған болжамды шаршы алаңда жұмыс істеді.  Суға сүңгу күн батқанға дейін күні бойы жүзеге асырылуда",- деп түсіндірді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, жақын маңдағы кенттердің тұрғындары да іздестіруге қосылды.  Қайықтағы адамдар Зайсан көлінен қандай да бір із табуға үміттенеді. Визуалды бақылау тікұшақтан да жүзеге асырылады.

Жоғалған балықшыларды іздестіру жалғасуда.

 Smiley face

Smiley faceСУРЕТ ПЕН БЕЙНЕЖАЗБА: ШҚО ТЖД

 


Көзі: yunews.kz