Елордада пайдалы қазбаларды заңсыз өндірудің 15 фактісі анықталды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Елордада пайдалы қазбаларды заңсыз өндірудің 15 фактісі анықталды

444

Smiley face

 Елорда полицейлері жыл басынан бері пайдалы қазбаларды заңсыз өндірудің 15 фактісін анықтады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қ. ПД баспасөз қызметі.

 Қазбалардың мұндай түрлеріне құм, қиыршық тас, ірі құм, топырақ жатады.

Мәселен, 6 қыркүйекте Қарқаралы тас жолының жанында жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында заңсыз топырақ қазғаны үшін экскаватор жүргізушісі ұсталды. Ұсталған адамға қатысты пайдалы қазбаларды өз бетімен өндіру бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.   

 Нұр-Сұлтан қ. ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлерімен автомобильде және жаяу рейдтік іс-шаралар жалғасуда.


Көзі: yunews.kz