Арыс тұрғыны көршісінің атына бірнеше несие рәсімдеген - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Арыс тұрғыны көршісінің атына бірнеше несие рәсімдеген

444

Smiley face

Арыс АПБ-нің кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданған, оның айтуынша оның банк карточкасынан ірі сома жоғалған. Аталған факт ҚР ҚК-нің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша СДТБТ-ға тіркеген.

Қылмысты ашу үшін полицейлер барлық қажетті жедел іс-шаралар өткізді. Нәтижесінде Арыс АПБ қызметкерлері жергілікті тұрғынды ұстады.

"Әйел көршісінің сенімін пайдаланып, одан ақша аударуға көмектесуді сұраған. Содан кейін жәбірленушінің банк карточкасының кодын біліп, оның карточкасынан қолма-қол ақша алып, үш банкте 300 мың теңге сомасына бірнеше несие ресімдеген. Жәбірленушіге келтірілген залалдың жалпы сомасы 700 мың теңгені құрады.  Қазіргі уақытта Арыс АПБ күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Әйелден ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды. Полиция қызметкерлері жинаған сотқа дейінгі тергеу материалдары шешім қабылдау үшін сотқа жіберіледі", - деп хабарлады Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция қызметкерлері бейқамсыздық танытпауды және бөтен тұлғаларға өзінің жеке деректерін жарияламауды ұсынады. Егер сіз алаяқтықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, онда дереу 102 телефоны бойынша полицияға хабарласыңыз. Бұл тәртіп сақшыларына осындай қылмысты "ізін суытпай" ашуға және алаяқтарды ұстауға көмектеседі.


Көзі: yunews.kz