ШҚО бишісі Әлем кубогы мен Құрлықтар кубогына ие болды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

ШҚО бишісі Әлем кубогы мен Құрлықтар кубогына ие болды

444

Smiley faceФото: ШҚО Ақпараттық орталығы

Санкт-Петербургте 4 қыркүйектен бастап "Арбадағы биден Әлем Кубогы – Құрлықтар Кубогы – 2019» жарысы өтуде.

 

Жарыстың бірінші күні Құрлықтар Кубогы бағдарламасы бойынша өтті. Туғаннан бері «Үржар АӘҚКО»-да тәрбиеленген біздің жерлесіміз Алексей Журавлев өзінің "Еркін құс" ерікті бағдарламасын орындап, екінші орынға ие болды, және сол үшін күміс медальмен және Кубокпен марапатталды.

"Әлем Кубогы бағдарламасы бойынша Алексей Журавлев Латын Америкасы бағдарламасы бойынша 3 би орындады. Ол бірінші орынға ие болып, "Алтын медаль" және "Әлем Кубогы" марапатына ие болды. Енді оның Германиядағы әлем чемпионатына қатысуға мүмкіндігі бар", - деді ШҚО ақпараттық орталығында.

Smiley face

Айта кетерлігі, Алексей үш жыл қатарынан арбадағы биден Құрлықтар кубогында бірінші орын алып отыр.

Қазақстан жасөспірімдер командасы лайықты өнер көрсетіп, бұл спорт түрі біздің елімізде қарқынды дамып келе жатқанын әлемге көрсетті.

Жарысқа барлығы әлемнің 20 елінен келген спортшылар қатысты.

Smiley face

Smiley face

Smiley faceФото: ШҚО Ақпараттық орталығы


Көзі: yunews.kz