Ақтауда шайхана жанып кетті - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Ақтауда шайхана жанып кетті

444

Smiley face

Бүгін Ақтау қаласының 28 "А" шағын ауданында орналасқан шайханада ірі өрт шықты. Маңғыстау облысы ТЖД хабарлағандай, өрт туралы дабыл кезекшінің пультіне сағат 10.50-де түсті. Өрт сөндірушілер келгенге дейін полицейлер шайхананың жанып жатқан ғимаратын қоршауға алып  кезекшілік етті.

"Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер сағат 11.29-да өртті ауыздықтады.  Шайхана ғимаратынан 6 газ баллоны шығарылды. Өрт кезінде ешкім зардап шеккен жоқ, жанудың жалпы аумағы 80 шаршы метрді құрады", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.


Көзі: yunews.kz