"Атамекен" Сауда және интеграция министрлігімен бірлесіп сауда қызметіндегі тәртіп бұзушылық фактілерін бақылайтын болады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

"Атамекен" Сауда және интеграция министрлігімен бірлесіп сауда қызметіндегі тәртіп бұзушылық фактілерін бақылайтын болады

444

Smiley face

"Атамекен" ҚР ҰКП Басқарма төрағасы мен ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов бірлескен алқа барысында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды, деп хабарлайды "Атамекен" ҰКП баспасөз қызметі.

Тараптар сауда қызметін дамыту мәселелері бойынша ақпаратпен алмасатын болады. Осылайша, ДСҰ және ЕАЭО мүшелерінің ҚР-ға қатысты міндеттемелерін бұзу фактілері бақыланады, сондай-ақ сыртқы нарықтардағы отандық кәсіпкерлердің кедергілері мен шектеулері туралы ақпарат қадағаланады.

Меморандум сауда қызметін реттеу және дамыту саласында тәжірибе алмасуға, мемлекеттік реттеу шараларын қолдану бойынша ұсыныстарды келісуге мүмкіндік береді.

Тараптар ішкі және сыртқы сауданы дамытуға, отандық өндірушілердің өнімдерін ілгерілетуге және шикізаттық емес экспортты өткізу нарығын кеңейтуге, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ (ЕЭО), Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) шеңберінде және үшінші елдермен саудада өзара іс-қимылды нығайтуға ниетті.

"Біз бұл құжат ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың және отандық бизнес мүддесінде сауданы дамыту бойынша өзара жемісті жұмыстың негізі болатынына сенімдіміз", - деп атап өтті "Атамкен" ҰКП басшысы Абылай Мырзахметов.

Бұдан басқа, меморандумда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өзгеруіне әсер ететін факторлар бойынша жедел ақпарат алмасу қарастырылған.


Көзі: yunews.kz