Атырауда Динара Сәдуақасованың шахмат академиясы ашылды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Атырауда Динара Сәдуақасованың шахмат академиясы ашылды

444

Smiley face

Қазақстанның ең атақты шахматшысы, шахматтан бірнеше дүркін әлем чемпионы, халықаралық гроссмейстер Динара Сәдуақасованың шахмат академиясының бірінші филиалы мұнай астанасында ашылды.

Салтанатты ашылу рәсіміне Атырау облыстық шахмат федерациясының вице-президенті Сабырбай Ғайсин, Маңғыстау облысының Шахмат федерациясының президенті, Ақтау қаласының Құрметті азаматы Мендеш Салихов және басқалар қатысты.

Шахмат академиясы Қ.Ерниязов атындағы көшедегі №16 тұрғын үйдің астыңғы қабатында орналасқан, алаңы 450 шаршы метр ғимарат 150 орынға есептелген. Мұнда топтық және жеке сабақтарға арналған жайлы және кең кабинеттер орналасқан. Шахмат ойынына білікті шетелдік жаттықтырушылар оқытады. Сонымен қатар, Динараның өзі онлайн-сабақтар өткізіп, міндетті түрде шеберлік сабақтарымен келеді.

Smiley face

"Біз анағұрлым ірі, халықаралық турнирлерді өткізуге тырысатын боламыз. Атыраудың балаларына біліктілік турнирлері өте маңызды. Жыл соңына дейін балалар да, олардың ата-аналары да қатыса алатындай, және қандай турнирлерде ойнайтындарын алдын ала түсінетіндей күнтізбені әзірлейміз. Сондай-ақ, барлық тілек білдірушілерден басқа, тегін білім алу мүмкіндігіне аз қамтамасыз етілген отбасыларының балалары, жетім балалар, мүмкіндігі шектеулі балалар ие болады, - деді Динара Сәдуақасова.

Академияның ашылуы аясында "Atyrau chess open 2019" турнирі ұйымдастырылды, оның жүлде қоры 800 мың теңге құрады. Турнирге 100-ге жуық шахматшы қатысты, оның ішінде ең жас қатысушының жасы 6-да, ең үлкені - 72 жаста. Ойынның нәтижелері кейінірек жарияланады.

 Smiley face


Көзі: yunews.kz