Қазақстанда мемлекеттік қызметшілерді 25 %-ға қысқартады және бейбіт митингілерге рұқсат беріледі - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстанда мемлекеттік қызметшілерді 25 %-ға қысқартады және бейбіт митингілерге рұқсат беріледі

444

Smiley face
Фото: yaizakon.com.ua

ҚР Үкіметінің отырысында Премьер-Министрдің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының қаржы министрі А.А.Смаилов  Мемлекет басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Cындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасын таныстырды.

Жоба 5 бағыт бойынша 81 тармақтан тұрады.

«Заман талабына сай тиімді мемлекет» бағыты бойынша Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия жұмысының жоспары бойынша ұсыныстарды қалыптастыруға бағытталған 11 іс-шараны іске асыру; азаматтар мен ұйымдардың өтініштерімен жұмыс сапасын күшейту; мемлекеттік қызметшілер мен ұлттық компаниялар қызметкерлерінің санын кезең-кезеңімен 25%-ға қысқарту; қатысушылар үшін қолжетімділікті ескере отырып, белгілі бір жерлерде бейбіт митингілер өткізуге рұқсат беру көзделген», - деп атап өтті өз баяндамасында Әлихан Смаилов.

Сондай-ақ осы бағыт аясында Әл-Фарабидің 1150 жылдығын, Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын және Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығын өткізу жөніндегі республикалық жоспарлар, сондай-ақ, Алтын Орданың 750 жылдығына арналған іс-шаралар әзірленетін болады.


Көзі: yunews.kz