Педофилия мен браконьерлік үшін жаза қатаңдатылады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Педофилия мен браконьерлік үшін жаза қатаңдатылады

444

Smiley face
Фото: m.sfgate.com

Мемлекет басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Cындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасы аясында «Азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету» бағыты бойынша 15 іс-шара ұсынылды.

«Шығарылатын сот шешімдерінің сапасын жақсарту, «Сот практикасының сандық аналитикасы» жүйесін сынақтан өткізу, озық халықаралық тәжірибе негізінде Әкімшілік полиция комитетінің жұмысын қайта ұйымдастыру бойынша 15 іс-шара іске асырылатын болады. Жеке адамға қарсы бірқатар ауыр қылмыстарды (сексуалды зорлық-зомбылық, педофилия, есірткі тарату, адамдар саудасы, әйелдерге қарсы тұрмыстық зорлық-зомбылық), браконьерлікті қатаңдату, әкімшілік әділет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар енгізу, азаматтардың құқықтарын қорғау кепілдігін арттыру бойынша 6 заң қабылдау жоспарлануда», - деп баяндады Үкімет отырысында Премьер-Министрдің бірінші орынбасары-Қазақстан Республикасының қаржы министрі Әлихан Смаилов.

Сондай-ақ Смаилов 2020 жылдың соңына дейін Қарулы Күштер мен әскери құралымдарды дамыту тұжырымдамасы жаңа редакциясында қабылданатынын атап өтті.


Көзі: yunews.kz