Мұғалімдердің жалақысы көбейтіледі - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Мұғалімдердің жалақысы көбейтіледі

444

Smiley face
Фото из открытых источников

Мемлекет басшысы «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында әлеуметтік жаңғыртудың жаңа кезеңін атап өтті.  Жолдауды іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасы аясында 18 іс-шара көзделген.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша тұрғын үйге кредит беру кеңейтіледі, жоғары оқу орындарының санына талдау жүргізіледі, педагогтардың, мәдениет және өнер ұйымдары қызметкерлерінің еңбекақысы ұлғайтылады. Атаулы әлеуметтік көмекті жетілдіру, табысы аз отбасылардан шыққан балаларға кепілдік берілген әлеуметтік пакетті енгізу жөнінде шаралар қабылданатын болады», — деді Үкімет отырысында Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын іске асыру туралы Премьер-Министрдің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының қаржы министрі А.А.Смаилов.


Көзі: yunews.kz