Бұның еш қиындығы жоқ – Әнуар Жанғозин - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Бұның еш қиындығы жоқ – Әнуар Жанғозин

444

Smiley face
Фото: facebook

Нұр-Сұлтан қ. білім басқармасының басшысы Әнуар Жанғозин өз кабинетін тазалап, #өзіңненбаста челленджін іске қосты.

Жанғозиннің айтуынша, оқушылар мектептің техникалық қызметкерлеріне көмектесуді үйренуі керек.

"Бірден атап өткім келеді, бұл әрбір оқушы еденді жуу керек деген сөз емес. Бастама асханада, сабақтан кейін өз жұмыс орныңда тазалық сақта, кейбір жағдайларда сыныптар мен дәліздер жинауға қол ұшын бер дегенді білдіреді. Бұл біздің балаларымызға бөтен еңбекке деген құрмет сезімін және қоршаған ортаға деген ұқыпты қарым-қатынасты қалыптастыру үшін жасалып отыр", - деп хабарлайды білім басқармасының басшысы Facebook-тегі жеке парақшасында.

Әнуар Жанғозин #өзіңненбаста эстафетасын елордалық білім беру ұйымдарының басшыларына олардың балаларға мектепте тазалықпен айналысудың қиындығы жоқ екенін өз үлгісімен көрсету үшін  тапсырды.


Көзі: yunews.kz