ҚР көліктегі полиция департаментінің командасы "Парасатты полицей" байқауында үздік деп танылды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

ҚР көліктегі полиция департаментінің командасы "Парасатты полицей" байқауында үздік деп танылды

444

Smiley faceПолиция департаментінің суреті

Маңғыстау облысында Қазақстанның Ішкі істер министрлігі ұйымдастырған "Парасатты полицей" республикалық байқауы аяқталды.

Екі күн ішінде барлық өңірден және ІІМ-нің 3 жоғары оқу орнынан жиналған 200-ден астам полицей үздік деп танылу құқығы үшін бақ сынасты.

Жалпы байқауға 21 команда қатысты, олардың ішінде түрлі ұлт өкілдері болды. Тәртіп сақшылары әр түрлі шығармашылық тапсырмаларда әртістік дарыны мен тапқырлық көрсетті, сондай-ақ өз ойларын мемлекеттік тілде әсем және дұрыс жеткізе білуде жарысты.

Байқау қорытындысы бойынша бірінші орынды ҚР Көлік полициясы департаментінің командасы жеңіп алды. Екінші орынды Шымкент қаласы мен Ақтөбе облысы полиция департаментінің командалары өзара бөлісті.  Үшінші орынды бірден үш команда иеленді – Солтүстік Қазақстан, Жамбыл және Ақмола облыстарының полицейлері. Бас жүлдені Алматы облысы Плиция департаментінің командасы жеңіп алды.

Сонымен қатар, қазылар алқасы командаларды түрлі номинацияларда марапаттады. Осылайша, актерлік іс шеберлері Батыс Қазақстан облысының полицейлері болды. Павлодар облысы командасының өкілдері мемлекеттік тілдің үздік білгірлері деп танылды. Көркемсөз шеберлері болып Қостанай облысының полицейлері танылды. Ал ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Академиядан келген қыздар ең ұйымшыл команда атанды. Қызылорда облысының полицейлері ең талантты деп танылды. Ал Атырау облысының тәртіп сақшылары көрермен көзайымы атағына ие болды. 

Келесі жылы байқау Ақмола облысының полиция департаментінде өтеді.


Көзі: yunews.kz