Павлодарда автобусқа оқ атқан адам жазаланды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Павлодарда автобусқа оқ атқан адам жазаланды

444

Smiley face
Фото: sreda24.ru

Павлодарда жергілікті тұрғын пневматикалық қарудан автобусқа оқ атқан. Облыстық соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол бүйірлік терезені зақымдап, осылайша екі әкімшілік құқық бұзушылық жасаған – бұл пневматикалық қарудан ату және қоғамдық тәртіпті бұзу.

Атқыш өз кінәсін толығымен мойындап, оқты ағашқа қарай атқанын, алайда ол оқыстан автобусқа тигенін түсіндірді.

Сот қаулысымен ол 7 тәулік мерзімге қамауға алу және пневматикалық тапаншаны тәркілей отырып, мемлекет кірісіне 50 500 теңге мөлшерінде айыппұл салу түріндегі әкімшілік жазаға тартылды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.


Көзі: yunews.kz