Біз ядролық қару жарысын қайта жаңғырту қаупін сезінудеміз - Қайрат Омаров - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Біз ядролық қару жарысын қайта жаңғырту қаупін сезінудеміз - Қайрат Омаров

444

Smiley face

Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты Өкілі Қайрат Омаров өз сөзінде ядролық қаруға түпкілікті тыйым салу жөніндегі ұжымдық күш-жігерлерге қатысты сын-қатерлер арта түскенін мәлімдеді. «Қазіргі геосаяси жағдайларды байқай отырып, біз ядролық сынақтардың жаңа айналымына әкелуі мүмкін ядролық қару жарысын қайта жаңғырту қаупін сезінудеміз», - деп Елші атап өтті.

Қ.Омаров мүше мемлекеттерді басталған істерді аяқтау жолында күш-жігерлерін арттыруға және біріктіруге шақырды. Біріншіден, ол ЯСЖТШ-ның күшіне енуі, екіншіден, ядролық қаруға толық тыйым салу және, үшінші, ядролық қарусыз әлем құру туралы келісімді әзірлеу жөніндегі диалогты ертерек бастау. Елші үстіміздегі жылдың 29 тамызында Қазақстанның Ядролық қаруға тыйым салу туралы шартты ратификациялау туралы құжатты БҰҰ-ға тапсырғанын еске салып, осылайша оның ядролық қарусыз әлемге берік екендігін тағы бір дәлелдеп өтті.


Көзі: yunews.kz