18 отандық фильм ҚР Мәдениет және спорт министрлігінен мемлекеттік қолдауға ие болады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

18 отандық фильм ҚР Мәдениет және спорт министрлігінен мемлекеттік қолдауға ие болады

444

Smiley face
Фото: kapital.kz

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мемлекет тарапынан өндірісіне қаржылық қолдауға ие болған киножобалардың тізімін мақұлдады. Бұл туралы Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының сайтында хабарланды.

Нұр-Сұлтан қаласында  ұлттық фильмдерді мемлекеттік қыржылық қолдау мәселелері жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Отырыста Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы ұйымдастырған бірінші іріктеу байқауының қорытындысы жасалды.

Отырыс барысында өндірісіне қаржылық қолдау білдіру үшін Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының Сараптама кеңесі мақұлдаған 60 киножоба туралы ақпарат тыңдалды. 

Отырыс нәтижесінде 12 әлеуметтік маңызы бар фильм іріктелді. Олар «Аллая нить судьбы»,  «Возвращение учителя» және «Туркестан – вчера, сегодня, завтра» деректі фильм мен «Боксер», «Время патриотов», «Выбор», «Жизнь», «Кажымукан», «Обучение Адемоки», «На старте», «Тырналар», «Хардкор» көркем киножобалары. Сонымен қатар, комиссия мүшелері «Огонь» дебюттік фильмін, «Ақын» және «Слепая любовь» бірлескен киножобалары мен «Каникулы оффлайн-2», «Нартай»,  «Спасение в степи» көпшілік көрермен аудиториясына  арналған фильмдерін таңдады.

Аталған тізімдегі киножобалар ұлттық фильм статусы талабына сай келетін, оның ішінде, ұлттың рухани қажеттіліктерін қанағаттандыратын жоғары көркемдік деңгейлі, мемлекеттің ұстанымына сай келетін және оның кино өнері арқылы танымалдылығына ықпал ететін туындылар.  Сонымен қатар, маңызды аспектілердің бірі кино Қазақстанда түсірулуі қажет, сонымен қатар отандық кинокомпаниялар басқа елдермен бірлесе де түсіре алады.

Мақұлданған киножобалар Мәдениет және спорт министрлігінің ұлттық фильмдер өндірісі Тақырыптық жоспарына еніп, бірыңғай оператор – Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы арқылы биыл мемлекет тарапынан қаржыландырылатын болады.


Көзі: yunews.kz