ІІМ ата-аналарға арналған есірткіге қарсы роликтер циклін іске қосты - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

ІІМ ата-аналарға арналған есірткіге қарсы роликтер циклін іске қосты

444

Smiley face

Фото: revansh-moscow.ru

Салауатты өмір салтын насихаттау, жастар арасында нашақорлықтың алдын алу саласында белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру, денсаулыққа құндылық қарым-қатынасты қалыптастыру және нашақорлық мәселесіне назар аудару мақсатында, ІІМ "Еркін адамдар" қоғамдастығын дамыту қорымен бірлесіп, Орталық Азияда есірткінің таралуының алдын алу жөніндегі Еуропалық Одақтың бағдарламасы шеңберінде ата-аналарға арналған "Баланы сүйіспеншілікке баулысаңыз, ол есірткіден аулақ болады", "Баланы сезінуге үйретіңіз, сонда ол есірткіден аулақ болады", "Бақылау ", «Бассыздық» және" Жұмыспен қамту" атты роликтер циклін түсіру аяқталды, деп хабарлайды ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

Бұл роликтер еліміздің телеарналарында және "Chaplin" кинотеатрлар желісінде көрсетіледі.

Қазақстан эстрадасының жұлдыздары Ерке Есмахан, Әли Оқапов және "Екеу" тобы да шет қалмай,  осы мәселеге өз көзқарасын білдірді. Олардың қатысуымен роликтер ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл Департаментінің YOU TUBE арнасында орналасқан.


Көзі: yunews.kz