Алматы облысында браконьер үш бұғы ұшасымен ұсталды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Алматы облысында браконьер үш бұғы ұшасымен ұсталды

444

Smiley face
Кадр из видео

Алматы облысында үш бұғы ұшасы бар браконьер ұсталды.

ПД хабарлауынша, табиғи полиция қызметкерлері рейдтік іс-шара барысында автокөлікті тоқтатуды талап еткен, бірақ жүргізуші қашып кетуге тырысқан. Нәтижесінде жүргізуші көлікті басқара алмай, көлік аударылып қалды.

Тексеру кезінде тіркемеде қызыл кітапқа енгізілген бұғылардың атып алынған үш ұшасы табылды.

Оған қоса жүргізуші мас күйінде болған.

Қазіргі уақытта сараптама тағайындалып, тергеу жүргізілуде. Браконьерліктің салдарынан алдын ала келтірілген шығын 5,3 миллион теңгені құрады.

Аталған факті ҚР ҚК-нің 337-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелген. "Заңсыз аң аулау".


Көзі: yunews.kz