12 және 4 жыл: Анастасия Галееваның өліміне қатысты сот үкімі Қарасай аудандық сотында жарияланды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

12 және 4 жыл: Анастасия Галееваның өліміне қатысты сот үкімі Қарасай аудандық сотында жарияланды

444

Smiley face

22 жастағы Алматының тұрғыны Анастасия Галеева 2019 жылдың ақпан айында із-түзсіз жоғалып, 10 сәуірде оның денесі Алматы облысы Іле ауданындағы су арнасының шлюзінен табылды. Оның құрбы қыздары бастапқыда Анастасияны іздеуге көмектесті, бірақ содан кейін Галееваның қайтыс болғанын мойындады. Олар қызды есірткіні артық дозалануынан өлді деп мәлімдеді. Іс материалдарынан көрініп тұрғандай, сол күні ол құрбысы Маргарита Романованың үйіне тоқаш жасау үшін келген. Кешке Романованың күйеуі Евгений Степанов және оның досы Асхат Баржақсин келеді. Жастар есірткіні қолдана бастады, содан кейін Романова мен Баржақсин ұйықтап қалады. Бірақ, Степанов пен Галеева көңіл көтеруді жалғастырып, бір кезде ұрысып қалған. Нәтижесінде Степанов қызды тұншықтырып өлтірген, содан кейін Баржақсинмен бірге қыздың денесін каналға лақтырып жіберген.
Нәтижесінде Евгений Степанов пен Асхат Баржақсин айыпталушылар орындығында отырып, Маргарита Романова бұл істің куәгері болды. Сот Степановты кісі өлтіруге кінәлі деп таныды (ҚР ҚК 99-бабы) және оны 12 жылға бас бостандығынан айырып, жазасы ең қатаң режимдегі мекемеде өткізу туралы үкім шығарды. Баржақсин қылмысты жасырғаны үшін кінәлі деп танылды (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 432-бабы) және 4 жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын күшейтілген режимдегі мекемеде өтейтін болады. Сондай-ақ, сот Степановтан  Галееваның әкесінің пайдасына 3 миллион теңге, Баржақсиннен 1 миллион теңге моральдық зиян сомасын өндіріп алу туралы шешім қабылдады. Сотталушылар сонымен бірге жерлеу және сот шығындарын төлеуге мәжбүр болады.


Көзі: yunews.kz