Петропавлда бірден үш машина жанып кетті - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Петропавлда бірден үш машина жанып кетті

444

Smiley face

Оқиға жұмысшылар ауылында болған. Сағат 2.10-да 101 телефонына Пугачев көшесі, 41 мекенжайы бойынша «Мерседес» маркалы жеңіл автомобильде өрт шыққаны туралы шұғыл ақпарат түскен, деп хабарлайды СҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Оқиға орнына ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ №1 және 4 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімшелерінің кезекші бригалары шыққан. Олар 11 минутта оқиға орнына келген. Бұл кезде «Мерседес» «Тойота» мен «Мазда» көліктері жанып жатқан. Олардың барлығы жеке меншік үйдің жанында тұрды.
Өрт жарты сағаттан кейін толық өшірілді. Салдарынан 2 автокөлік – «Мерседес» және «Мазда» толығымен жаныр кеткен. Ал «Toyota» салоны мен автомобильдің оң жағы жанған. Зардап шеккендер жоқ.
Өрттің алдын-ала себебі электр құрылғыларымен жұмыс кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу болып табылады.


Көзі: yunews.kz