«Астана» - «Манчестер Юнайтед» матчына билеттер бағасы белгілі болды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

«Астана» - «Манчестер Юнайтед» матчына билеттер бағасы белгілі болды

444

Smiley face

«Астана» клубының ресми сайтында Еуропа лигасының топтық кезеңіндегі командалардың үй ойындарына билеттер құны мен жазылымдары туралы ақпарат пайда болды, деп хабарлайды РИА Новости.

Роман Григорчуктың шәкірттері «Партизан», «АЗ Алкмар» және «Манчестер Юнайтед» клубтарымен ойнайды. Клуб алдағы матчтарды екі санатқа бөлуге шешім қабылдады. Біріншісі – «Манчестер Юнайтедпен» үйдегі ойын. Онымен Нұр-Сұлтандағы ойын жанкүйерлерге 4 мыңнан 55 мың теңгеге дейін тұрады «АЗ» және «Партизан» ойындары екінші санатқа берілді. Бұл матчтардың бағасы 1500-ден 12000 теңгеге дейін болады.
«Манчестер Юнайтедпен» матч:
1 санат - 55 000 теңге;
2 санат - 40 000 теңге;
3-санат - 25 000 теңге;
4 санат - 16000 теңге;
5-санат - 11 000 теңге;
6-санат - 4000 теңге.


Көзі: yunews.kz